Қара кемпір / Ермек Тұрсынов
Бала кезден есте қалған қорқыныштың бірі, неге екенін білмеймін, аса мейірімді Күміс апамен байланысты.
Ауылымызда сондай кемпір болған. Өлеңдетіп сөйлегенде, аузың ашылып қалады. Өзгеше бір ырғақпен төпелетеді кеп. Кез келген тақырыпқа. Дүкенге бара жатып та жол бойы ұйқастырып өлең шығарады. Фельдшер система қойғанда былай деп төгіп-төгіп жіберіпті:
– Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса...
Мен алып жатырмын капельниса.
Әжей қызық болатын. Оны бәрі жақсы көрді.
Бұйығы ғана, қарапайым тірлік кешті. Жападан-жалғыз. Үш ұлы мен күйеуі соғыста өлген...
Бүкіл мал-мүлкі: мүйізі сынық көтерем ешкі, үш тауық, бір қораз.
Болды.
Ә, сосын иті.
Ит демекші, соның ит боп үргенін естімеппін. Ауылдағы басқа иттер сияқты емес. Мейірімді. Тіпті ит деуге аузың бармайды. Бәріне еркелейтін. «Ит иесіне тартады» деп бекер айтпайды ғой. Күміс апаның жанынан бір елі қалмайды. Оны ешқашан байлаған емес. Сабалақ жүнді, ақсақ. Қақ маңдайында – ақ таңдақ.
Әдетте Күміс апа бақшасында тырбанып жатады. Не ауланың ішінде күйбеңдеп жүреді.
Нан пісіреді. Наны қандай! Пияз қосылған. Сол нанның дәмі таңдайымнан кетпейді.
Әлі көз алдымда.
Күміс апа алдымен бәрін дайындап алады. Қол астында тұрсын деп. Алжапқышын байлап, басына орамалын тағады. Жез тегешке ұн салып, үстіне жұмыртқа жарады. Шөмішпен су құяды. Бәрін араластырады. Лыпылдатып нан илейді.
Мен оның ширақ қимылына арбалғандай, тамыры білеуленген қолдарынан көз алмаймын. Бір кезде нан жая бастайды. Күміс білезіктері сыңғыр-сыңғыр етіп.
Пияз турайды. Неге көзінен жас шықпайды деп таң қаламын. Анамның көзі ылғи жасаурап кететін. Менің де. Бәрінің. Ал Күміс апа былқ етпейді. Ойға шомып, бүкіл дүниені ұмытатындай.
Сосын ол жалпақ табаның түбіне май жағады. Оған таба нанды салады. Саусағымен басып-басып, күндей дөңгелетеді. Қақпақпен жабады.
Аулада от жағады. Ағаш әбден жанып бітті-ау дегенде ауыр ыдысты қақ ортасына қояды. Оттың ыстық табына. Кішкентай қысқышпен шоқ алып, табаның жан-жағына тастайды.
Бітті. Енді тек күту керек.
Көп ұзамай аулада ыстық нанның иісі бұрқырай бастайды.
Кейде ол жеті күлше пісіреді. Кішкентай етіп. Далаға шығып, оны балаларға таратады. Біздің төбеміз көкке жетеді. Оның жеті нан екенін білмейміз. Балаға бәрібір ғой. Әйтеуір, күйсеп алсақ болды. Ал сол нан қандай дәмді еді...
Көршінің қақысымен бір кесе айран ішуге немесе құрт алуға кейде үйіне кіремін. Құрт қораның төбесінде жаюлы тұрады.
Осылай өмір сүріп жаттық.
Бірде ол мені қатты қорқытты. Күміс апа. Шынымды айтсам, өзім қорықтым...
Звук - Игорь Горбунов @niko_musicsound